Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елімізде көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 11:00

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат. Бұл қызмет түрі электрондық үкімет порталында да қол жетімді болмайды, деп хабарлайды Қазақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті көлік иелері! 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды қабылдау сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл осы қызмет түрі осы уақыт аралығында электрондық үкімет порталында да қолжетімді болмайды.


Жоғары қарай