Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Елімізде спорт комментаторларына кастинг жарияланады

2019 жылдың 4 наурыз 2019 21:14

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тіл дикциясы-сөздің, буынның анық болуы, дауысы жағымды, ойын еркін жеткізе алатын азаматтар үшін «QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларына кастингін жариялайды. Бұл туралы ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іріктеу шаралары 15-16 наурыз күндері өткізіледі. Кастингтің мақсаты - телеарна комментаторларының қатарын жаңа есімдермен толықтыру. Өткен жылдардағы кастингтер барысында 500-ден аса үміткер тыңдалып, озып шыққан 46 комментатор қазір телеарнада жемісті еңбек етуде.

Наурыз айында өтетін 2019 жылдың алғашқы кастингінде іріктелетін комментаторлар футбол, баскетбол, хоккей, бокс, волейбол, ұлттық спорт және басқа да арнаның негізін құрайтын спорт түрлерін жетік меңгерген әмбебап; жекелеген спорт түрлерін зерттеп жүрген; қазақ немесе орыс тілдерінде ойын еркін жеткізе алатын; жасы 21-ге толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан таңдалады.

Кастинг 2019 жылы 15-16 наурыз күндері Астана қаласы, Мәскеу көшесі 33А, «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді.

Үміткерлердің резюмелері 2019 жылдың 12 наурызы күні кешкі сағат 20:00 - ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru эл.поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуге корпоративті электронды пошта немесе өзге адамдардың атынан жіберілген резюме иелері жіберілмейді. «QAZSPORT» телеарнасы кастингке қатысуға үмітті азаматтардан өз уақыттарын үнемдеу үшін тыңғылықты дайындалып, іріктеу жұмысына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Басты сөздер: БАҚ, Спорт,
Жоғары қарай