Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Елімізде ұрлықтың қайталану фактісі ауыр қылмыстар санатына енгізілуі мүмкін

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 09:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұрлықты ауыздықтау үшін Ішкі істер министрлігі заңға тиісті түзетулерді енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мәселені шешудің бір амалы – ұрлықтың қайталанғаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, Өзбекстанда пәтер ұрлығы қайталанған жағдайда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Өзбекстанда қайталанған қылмысқа қаншалықты ауыр жаза кесілетінін бағамдап көріңіз. Осыған байланысты министрлік ұрлықтың бірнеше мәрте жасалу белгілерін ауыр қылмыстар санатына жатқызуды көздейтін заңға тиісті түзетуле енгізуге бастамашылық етті», - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай