Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Елімізде жол-көлік бойынша бірыңғай талдау және жоспарлау орталығын ашу ұсынылды

2019 жылдың 6 қазан 2019 02:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Көлік комитетінің ахуалдық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Көлік комитетіне сілтеме жасап.

Көлік комитетінің мәліметіне сүйенсек, министрге «Айқын бағыт» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылып, атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Сондай-ақ, ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұратындығы жеткізілді.

«Біз бүгінгі күні цифрландыру бойынша негізгі жобалардың қызметін айқындап, жаңа цифрландыру жүйесін енгізіп, онлайн режимде жұмыс істеп келеміз, сонымен қатар, Көліктік бақылау инспекцияларының жұмысын онлайн режимде тәулік бойы бақылап отырамыз», - деді ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.

Хабарламада айтылғандай, Б.Атамқұлов ахуалдық орталықтың жұмысымен таныса келе, жол-көлік кешеніндегі бірыңғай талдау және жоспарлау орталығын ашуды ұсынды.

Жоғары қарай