Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Еліміздің 3 облысында ескерту жарияланды

2019 жылдың 18 маусым 2019 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында күшті жел соғады, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Түркістан облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. 18-20 маусым күндері кей жерлерде жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, шаңды дауыл тұруы мүмкін», - делінген хабарламада.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай