Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Еліміздің 3 өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 29 наурыз 2019 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, 31 наурыз-1 сәуірде кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы ықтимал, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, 31 наурыз күндіз кей жерлерде дауыл, 31 наурыз күндіз,

1 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Сондай-ақ, 30 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, тұман күтіледі.

Сонымен қатар, 30 наурызда Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығ 15-20 м/с жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай