Ауа райы
Астана 34 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Еліміздің бас мүфтиі Түлкібас және Отырар тұрғындарымен кездесті

2020 жылдың 20 ақпан 2020 21:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы келіп, Түлкібас және Отырар аудандарына сапарлады. Ауыл имамдарымен кездесу өткізіп, алқалы жиындарға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданында өткен жиынға аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өкілі, «Қожа Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамберді, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттар, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.







Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы мәжіліс залында ұлттар мен ұлыстарды мейірімге, игілікке, бірлікке баулу жолында имамдарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін жеткізді. Бас мүфтиден кейін жергілікті азаматтар сөз алып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.







Бас мүфти мұнан соң Отырар ауданына атбасын бұрып, Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті. Құрбандық шалып, баптардың бабына құран бағыштады.

Отырар жерінде ардагерлер және ауыл ақсақалдарымен кездесіп, қазақ өркениетінің алтын діңгегі саналған киелі аудан жұртшылығына ризашылығын білдірді.














Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Дін, Түркістан облысы,
Жоғары қарай