Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Еліміздің басым өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

2019 жылдың 24 шілде 2019 04:29 184

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының жекелеген аумақтарында, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, бұршақ жауады.


Маңғыстау, түнде Алматы, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.


Күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында өте қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай