Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 40 градус ыстық болады

2019 жылдың 19 маусым 2019 13:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде ғана найзағай мен өткінші жаңбыр алып келеді.

Еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Екпінді жел тұрады.

Ал, батыс пен оңтүстік аймақтарда ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36...40°С-қа дейін көтеріледі.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай