Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 23 ақпан 2019 09:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 23 ақпан күні еліміз қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, Астана, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қазақстанның өзге қалаларында атмосфералық ауаның өзгеруі күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай