Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Еліміздің бірқатар өңірінде жол ашылды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 09:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Самара - Шымкент» автожолының Жосалы ауылынан Таң елдімекеніне дейінгі 1645-1702 шақырымында көліктің жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ, «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі 856-917 шақырымында, сонымен қатар осы автожолдың Чистополье елдімекенінен бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі 853-856 шақырымында жол ашылды.

Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда - Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен Қарағанды облысының шекарасынан Бозшакөл елдімекеніне дейінгі 1135-1242 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 701 техника жұмыс істеп жатыр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.


Жоғары қарай