Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 13 қазан 2019 23:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райына байланысты еліміздің үш облысында және елордада ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 14 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавл қаласында да қатты жел болатындығы ескертілуде. Болжамның дөп келу ықтималдығы 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

14 қазанда елордада да таңертең және кешке тұман түсіп, қатты жел соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай