Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Елорда әкімі 5 мектепте салынған жаңа ғимараттардың құрылысын тексерді

2019 жылдың 20 қазан 2019 11:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана әкімі таңертең және кешкісін қаладағы 5 мектепті аралап, олардың жаңа оқу ғимараттарының құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Әкім ең алдымен Кенесары көшесіндегі 49-үйде орналасқан №31 мектепке барды. Қазір мектепте балалар үш ауысымда оқиды. Жаңа ғимарат біткен соң, екі ауысымға ауысуға мүмкіндік туады. Жаңа мектеп 530 оқушыға арналған. Ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Одан кейін қала басшысы Петров көшесіндегі №28 мектепті аралады. Мұнда 1 800 бала оқиды. Мектеп о баста одан екі есе аз оқушыға арнап салынған. 300 оқушыға арналған жаңа ғимаратты келер жылдың екінші тоқсанында тапсыру жоспарланған.

Кешке әкім №40, №8 және №60 мектептерді аралады. Аталған мектептерде 500, 900 және 550 оқушыға арналған жаңа ғимарат салынып жатыр. Солар бітсе, үш ауысымдағы сабақ екі ауысымға көшеді. Тапсыру мерзімі – 2020 жыл.




Нұр-Сұлтан әкімі оқу орнындағы құрылыстан шаң шықпауы тиіс екенін ескертті.

Бұдан тыс, құрылыс мерзімінде аяқталып, мектептің айналасы абаттандырылуы қажет.

Бес жылға құрылған кешенді жоспар аясында 50 мектеп салынады. Жоспар бойынша, 2020 жылы жалпы 9,5 оқушыға арналған 12 мектептің құрылысы аяқталады.




Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай