Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Елорда аулалары қардан тазаланбаса қайда шағымдануға болады

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қалың қар күскен кезде тәулігіне 2,5 мың КамАЗ қар қала сыртына шығарылады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, қаңтардың 20-нан 21-іне қараған түнде елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы шолып шығып, қар тазалау барысын бақылауға алды.

«Елорданы қардан тазалау жұмысына күн сайын бір мыңнан астам техика мен 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады. Ортаза есепен бір күнде КамАЗ-дар 2,5 мыңға дейін рейс жасайды. 20-тоннанлық жүк көлігі 1 минут 46 секундтың ішінде лық толады», - деді А.Олжабаева.

«Қысқы кезеңнің басынан бастап 2 млн текше метрден астам қар шығардық, бұл КамАЗ-дармен 170 000 рейс. 20 қаңтар күні күздіз 1 700 жұмысшы мен 1 500 техника жұмыс істеді. Алдымен мектептерге, медорталықтарға, балабақшаларға, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар мен көлік жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын тазартамыз. Қар тазалау жұмыстары елорданың коммуналдық қызметтерінің қажырлы еңбегінің арқасында атқарылып жатыр. Қала кеңейіп келеді. Коммуналдық қызметтер 3 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Өткен қыспен салыстырғанда, осы маусымда 700 мың текше метр қарға көп шығарылды (бұл 55% - ға көп). Қалада барлығы 4 қар полигоны жұмыс істейді, оның 2-еуі толды. Орнына тағы 2-еуі ашылды. Коммуналдық қызметтер паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар қала басшысы жауапкершілік нақты бөлінуі тиістігін атап өтті. Яғни, ПИК пен мердігер ұйымдар аулаға іргелес аумақтарға, ал сауда орындары өз учаскелеріне жауап береді.

Мердігер ұйым өкілі Ержан Имашевтің айтуынша, дымқыл қарды тазалау біршама ауыртпалық тудырады.

«Қар жабыспақ болған кезде оның салмағы біршама ауырлайды және КамАЗ-ға жабысып қалады. Тиеу да ауыртпалық туындатады. Биыл қар мол түсті. Дегенмен жұмысшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Айта кетерлігі, бүгінде елорда тұрғындары үйлерінің аумағындағы қардың тазаланбай жатқандығына көп шағындануда. Осы мәселеге қатысты әкімдік елордалықтарға мұндай кезде ПИК-ке немесе мердігер ұйымдарға жүгіну қажеттігін айтады.

«Ауладағы қардың тазаланбауына ПИК немесе мердігер ұйым жауапты. ПИК-тен талап ету керек. Себебі олар тұрғын үйдің белгілі бір аумағына жауап береді. Ал әкімдік жолдарға, көшелердегі жаяу жүргіншілер жолына, әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдарға жауапты», - деді Ақмарал Олжабаева.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай