Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Елорда мен еліміздің 11 облысында жол жабылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 01:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ​ Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен еліміздің 11 облысында жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазавтожолдың» хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлық көлік түрлері бойынша барлық бағыттарға жол жабық.

Сондай-ақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында жол ішінара жабылды.

Жолдағы шектеулерге қатысты толық ақпаратты мына жерден көруге болады.


Жоғары қарай