Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 20:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Елорда мешіттері «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап отыр, деп жазады muslim.kz.

Кешеден бері көз аштырмастан үдей соққан ақтүтек боран талай жанды жолда қалдырып, қаһарлы қыстың қаталдығын көрсетіп бағуда. Көліктер қарға кептеліп, жаяу жүргіншілердің жағдайы ауырлаған осы бір шақтарды ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі жұрт болып жұмыла өткізуге шақырады.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап, барлық мешіт қызметкерлері қала тұрғындарын тегін тасымалдауға кірісті. Игі шараға Бас шаһардағы 12 мешіт қызметкерлері түгелдей атсалысуда.


Жоғары қарай