Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Елорда нысандарына жылу беріле бастады

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 30 қыркүйектен бастап әлеуметтік және тұрғын нысандарын жылу жүйесіне қосу шаралары басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жылу беру кезеңіне дайындық бойынша қалалық штаб құрылды. Бүгінде барлық нысандар 100 пайызға дайын тұр. Әкімдік шешіміне сәйкес, 30 қыркүйектен бастап орталық жылумен қамтамасыз ету жүйесіне барлық нысандарды қосу шаралары басталды. Бұдан бұрын әлеуметтік нысандар өтінімі бойынша мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға жылу беруді бастадық. Бүгінде бізде түрғын үй секторын жылуға қосу жұмыстары жүруде», - деді М. Есмағұлов тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, үйлерді жылу беру шаралары бекітілген режімдік картаға сәйкес жүргізілуде.

«Үйлерді орталық жүйеге қосу жұмыстары тиісті карта бойынша жүріп жатыр. Осы рәсімдерді ағамдағы аптада аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар қалалық штаб кестесіне сай жүзеге асырылды. Әр нысан бойынша дайындық паспорты берілді», - деді ол.

М. Есмағұлов өткен жылы жылу беру маусымы биылға қарағанда кештеу басталғанын еске салды.

«Бүгінде барлық рәсімдер пысықталды. Жылу беру бойынша ешқандай проблема жоқ. Әлеуметтік нысандардың жартысынан астамы жылу жүйесіне қосылды», - деді ол.

Жоғары қарай