Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елорда полициясы іздеу салған жігіттің денесі табылды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 23:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті іздеу салған азаматтың денесі табылды. Бұл туралы қалалық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 20-шы қыркүйегінде сағат 13-30-да Полиция департаментінің өкілдері «Қарқаралы» тасжолының бойында, «Қосшы» ауылына жақын жерден із-түзсіз жоғалып кеткен Әнуар Төлегенұлы Байзұровтың денесін тапты. Туыстары мәйіттің Әнуар Байзұровтікі екенін растады.

6 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Ә.Т.Байзұровты іздестіруге елордалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.

Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, марқұм асылудың салдарынан тыныс алу жолдарының асфикциясынан көз жұмған.

Аталған факт бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 105 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жоғары қарай