Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елорда жәрмеңкесінде азық-түлік арзан бағамен саудаланады

2019 жылдың 1 мамыр 2019 04:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -1, 4 ,5 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», - делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында. Жәрмеңкелер «Sine Tempore» СО алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді. Қосымша ақпаратты инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан алуға болады, 113 кабинет, тел.: 55-69-78, 55-68-99.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға - Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі.

Басты сөздер: Азық-түлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай