Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Елордада 2 қар полигоны толып қалып, үшіншісін ашуға тура келді - «Астана тазалық»

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 55% көп қар шығарылды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте «Астана тазалық» ЖШС басшысының орынбасары Медеу Ражанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыс басталғалы елордадан 2 млн 496 мың текше метр қар шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 55% көп», - дейді Медеу Ражанов.

Оның айтуынша, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Алматы аудандарында 4 қар полигоны жұмыс істейді.

«Есіл ауданындағы екі қар полигоны толып қалып, үшіншісі ашылды. Қала бойынша 1051 қар тазалау техникасы жұмыс істеуде. Жұмыс күшейтілген түрде тәулік бойы жұмыс істеуде. Көбінесе көлік аз жүретін уақыт - түнде жұмыс істейміз. Бізге қар тиеу және қар шығару кезінде патруль полициясы жақсы көмектесіп жатыр», - дейді ол.


Жоғары қарай