Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Елордада 4 автобустың бағыты өзгереді

2019 жылдың 20 маусым 2019 02:12 800

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада №3, 18, 40, 61 бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

19 маусымнан бастап күйші Дина көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №3, 18, 40, 61 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

№3 бағдар бастапқы «Теміржол вокзалынан» Қ.Сәтбаев Петров көшелері қиылысына дейін өзгеріссіз, кейін солға қарай Қ.Сәтбаев көшесіне, оңға қарай Б.Майлин көшесімен, Тәуелсіздік даңғылымен солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№18 бағдар бастапқы «Достық» БМСК нүктесінен Қ.Сәтбаев Петров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, кейін солға қарай Қ.Сәтбаев көшесіне, оңға қарай Б.Майлин көшесімен,Тәулесіздік даңғылымен оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№40 бағдар бастапқы «Теміржол вокзалынан» Қ.Сәтбаев Күйші Дина көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, кейін оңға қарай Б.Майлин көшесіне, Тәулесіздік даңғылымен оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№61 бағдар бастапқы «Теплотранзит» нүктесінен, Қ.Сәтбаев Күйші Дина көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, оңға қарай Б.Майлин көшесімен, Тәуелсіздік даңғылымен солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай