Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Елордада 422 таксист заңсыз жұмыс істеп келген

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз жұмыс істеген 422 такси жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жасұлан Байкеновтің айтуына қарағанда, жыл басынан бері 1949 адам әуе және теміржол нысандарында жолаушылардың мазасын алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оның 422-сі - заңсыз такисші. Шектен тыс мазасыздығы үшін 14 таксиші әкімшілік қамауға да алынған.

«Нұр-Сұлтан қаласының теміржол бекетіндегі рейд кезінде полиция өкілдері қоғамдық орында тұрғындардың мазасын шектен тыс алған адамдарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Тексеру кезінде 41 жастағы азаматтың теміржол перронында жеке такси қызметін ұсынып, жолаушылардың мазасын алғаны анықталды. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік қаулы толтырылды. Көлік полициясының өкілдеріне тұрғындар пойыздан түскен бойда мазаны алатын таксишілер туралы жиі шағымданады. Жеке тасымалдаушылардың мұндай әрекеті расымен де жолаушылардың берекесін қашырады. Сондықтан, жеке тасымалмен айналысатын адамдар жолаушылардың мазасын алу әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін білуі керек», - дейді Жасұлан Байкенов.

Заң бойынша бір рет мұндай құқық бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш (12025 теңге), қайталап жасағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (24050 теңге) көлемінде айыппұл және 5 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Шетелдіктер мұндай заңбұзышылық үшін қамауға алынып, Қазақстан аумағынан шығарылады.



Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Заң, Көлік,
Жоғары қарай