Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада әкелер кеңесі өтті

2019 жылдың 24 қазан 2019 01:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет әкелер кеңесі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғаш қыркүйек айының аяғында астаналық 80-нен астам білім беру ұйымдарының қатысуымен, елордалық әкелердің іскерлік кездесуі өткізілді. Кездесу барысында астаналық әкелер активі 2019-2020 оқу жылының бірінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

«Бүгін әкелердің екінші кездесуі, яғни кеңейтілген алғашқы кеңес өтуде. Бұл шараға өскелең ұрпаққа үлгі болатын, әлеуметтік қиын жағдайларда немесе ерекше күтімді талап ететін балаларды өсіріп отырған әкелер қатысуда. Кездесуге келген әрбір әке жиналғандармен өз көзқарасы, өмірлік ұстанымымен қатар тәжірибесімен бөлісуде», - деді елордадағы М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин.

Оның айтуынша, кеңеске әкелермен қоса балалары да қатысып жатыр.

«Әкелер кеңесін өткізудегі мақсат - «әке мен бала» арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын айқындау. Сол сияқты бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталады», - деді ол.

Жоғары қарай