Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Елордада алғаш рет UNWTO-ның қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтеді

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 15:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9-11 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында VIII «Ақылды қалалар-ақылды дестинациялар» атты жаһандық қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен БҰҰ- UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы ұйымдастырып жатқан шарада қаланы басқару, жаңа инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ туризм саласын тұрақты әрі инклюзивті қалаларды дамытуға септігін тигізе алатын құрал ретінде қала өміріне кеңінен енгізу жолдары қарастырылады.

Саммит барысында ұйымдастырылатын панельдік сессиялар, «дөңгелек үстел» кезінде туристік ағынның біркелкі таралмауы, білікті мамандардың тапшылығы, миграция, жұмыссыздық пен қауіпсіздік сынды өзекті мәселелер талқыланады. Шараға әлемнің 30 елінен 700 делегат келеді деп жоспарланып отыр.

Саммит жұмысы бойынша толық ақпарат astanacb.com «Астана Конвеншн Бюро» сайтында, және тіркеу 8gsutn-s.astanacb.com парақшасында өткізіледі.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Туризм,
Жоғары қарай