Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Елордада апта ішінде қайда баруға болады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26-31 наурыз күндері елорданың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

31 наурызға дейін (сағат 10.00-18.00 аралығында) Тәуелсіздік сарайында келесі көрмелер жалғасады: «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі; «Ақанаевтар әулеті» жеке көрмесі; «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі; С. Махамбетовтің «Тау және дала балладасы» атты жеке көрмесі; Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі; Руслан Жүнісовтің және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі, сондай-ақ «Іздер» көрмесі.

26-28 наурыз күндері «Жастар» сарайында «Ақ көгершін» атты XIII халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтеді.

26-27 наурыз күндері (басталуы сағат 14.00-де) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің спорт кешенінде елорданың жоғары оқу орындарында оқитын студент-қыздар арасында волейболдан жарыс өтеді.

27-30 наурыз күндері (сағат 10.00) «Астана» концерт залында «Дирижер» аталымы бойынша Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» VI музыка фестивалі өтеді.

27 наурыз күні 11.00-де Астана қаласының SOS балалар ауылында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік білім беру бағдарламасы ұйымдастырылады.

27-30 наурыз күндері (басталуы сағат 11.00) «Толқын» спорт кешенінде 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтеді.

27-31 наурыз күндері (сағат 12.00) «Барыс» спорт кешенінде 2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Шайбалы хоккейден ҚР Чемпионатының ІІІ кезеңі басталады.

27 наурыз күні сағат 11.00-де «Жастар» театрында Халықаралық театр күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Бұл күні сағат 19.00-де «Астана Опера» театрында Жюль Массненің «Манон» балеті қойылады.

28-30 наурыз күндері (сағат 10.00) «Астана» концерт залында «Классикалық вокал» аталымы бойынша Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» VI музыка фестивалі өтеді.

28 наурыз күні сағат 12:00-де «Астана Опера» МОБТ-тың камералық залында Тілеуғазы Бейсембектің «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісі қойылады.

Осы күні, сондай-ақ сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» драмасы ұсынылады.

Сағат 20.00-де ЭКСПО Конгресс орталығында «Алтын граммофон-2019» концерті басталады.

29 наурыз күні сағат 16.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында «Жас таланттар» сериясының «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті басталады.

Бұл күні сағат 19.00-де «Жастар» театры М.Левидің «Жер мен көктің арасы» мелодрамасын қояды.

Сонымен бірге, сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Низамидің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасы сахналанады.

Бұл уақытта Бейбітшілік және келісім сарайында Наталья Косенко мен Наталья Матвееваның «Два Образа... Две Жизни... Две Судьбы...» атты мерейтойлық кеші басталады.

30 наурыз күні сағат 9.00-де «Жастар» сарайында «Жібек жолы» атты халықаралық музыкалық-көркемдік шығармашылық байқау-фестивалі өтеді.

30-31 наурыз күндері (сағат 9.00) «Дәулет» спорт кешенінде теннистен «Қызыл доп» балалар турнирі өтеді.

30 наурыз күні сағат 10.00-де №18 мектепте Жастар мен жасөспірімдер арасындағы асық атудан және бес асықтан Астана қаласының ашық біріншілігі басталады.

30-31 наурыз күндері (сағат 9.00) «Астана» концерт залында «Домбыра» аталымы бойынша Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» VI музыка фестивалі өтеді.

30-31 наурыз күндері сағат 12:00, 14:00, 16:00-де Қуыршақтар театрында И. Миччидің «Арыстан патша» ертегісі қойылады.

30 наурыз күні сағат 15.00-де және 16.00-де «Жастар» театрында Б. Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» сахналық повесі мен көрме өтеді.

Бұл күні 15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде Баскетболдан 2018-2019 жылдарғы маусымның ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Астана» ПБК - «Парма» БК командалары арасында матч өтеді.

Сағат 16.00-де Астаналық циркте «Asia Art Beauty» республикалық шығармашылық және сұлулық фестивалі басталады.

30-31 наурыз күндері сағат 18:00-де «Астана Опера» МОБТ үлкен залында Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсы қойылады.

Сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы қойылады.

31 наурыз күні 11.00-де «Жастар» сарайында «Asia Zhuldyzdary-2019» ашық халықаралық өнер және спорт чемпионаты өтеді.

13.00-де «Астана Арена» стадионында Премер-Лига клубтары «Шахтер» ФК - «Тобыл» ФК арасында футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында А. Дударенің «Кеш» драмасы қойылады.

Бұл уақытта «Жастар» театрында «Іздеп таптым сені» мелодрамасы ұсынылады.

Сағат 19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Георгий Лепстің концерті басталады.

Жоғары қарай