Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Елордада Бахрейн инвестициясына жаңа мектеп салынады

2019 жылдың 19 қараша 2019 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі, Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қоры және «Нұрлы Астана» Корпоративтік қоры арасында Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мектеп салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меморандумға сәйкес елордада 1200 орынға арналған мектеп тұрғызылады. Оның құрылыс жұмыстарын «Нұрлы Астана» Корпоративтік қоры Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қорының қаржыландыруы есебінен жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін білім мекемесі қаланың коммуналдық меншігіне өтеді. Алдын ала жоспар бойынша, мектеп құрылысы 2021 жылы аяқталады.

«Сонымен қатар, бұл жоба мектеп ұжымына 100 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған шара қала әкімінің орынбасары Малика Бектурова мен «Royal Charity Organization» бас хатшысы Мустафа Аль Саед және «Нұрлы Астана» Корпоративтік қоры директоры Шахмардан Жанбосыновтың қатысуымен өтті. Араб мемлекеттерінің қаржыландыруымен мемлекеттік мектептер салудың тәжірибесі бұрыннан бар», - делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратында.




Атап өтілгендей, бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар мемлекетінің қаржыландыруы есебінен салынған мектептер сәтті жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, олар - 2018 жылы ашылған № 85 мектеп-лицейі және 2017 жылы пайдалануға берілген № 84 мектеп.




Жоғары қарай