Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Елордада балаға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды

2019 жылдың 12 қараша 2019 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында балаға дөрекілік танытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басқармада жүргізілген қызметтік тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал балабақша басшылығына қатаң сөгіс жарияланды», - деді қалалық Білім басқармасы Стратегия, талдау және цифрлық технология бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні білім басқармасы қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарымен бірнеше кездесу жоспарлануда.

«Кездесуде ұйымдардың бірінші басшыларына қызметтік жауапкершілік бойынша түсіндіру жұмыстарымен қоса, оқу-тәрбиелік процеске қатысты әдістемелік ұсыныстар беріледі», - дейді ол.

Еске сала кетсек, 8 қараша күні елорда балабақшаларының бірінде тәрбиешінің балаға көрсетіп жатқан дөрекі әрекетінің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Өз кезегінде аталған оқиға бойынша қалалық білім басқармасы тәрбиешінің уақытша жұмыстан босатылғанын және арнайы қызметтік тексеруден соң тиісті шара қабылданатынын хабарлаған болатын.

Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Оқиға,
Жоғары қарай