Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Елордада «Берекелі баспана» бағдарламасына құжаттар қабылдай бастады

2019 жылдың 18 қазан 2019 09:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Берекелі баспана» жекешелендірілмейтін жалдамалы тұрғын үй жөніндегі қалалық бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ құжаттар қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Тұрғын үй қорының мәліметінше, бұл бағдарлама «Әлеуметтік жағынан осал», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарға арналған.

Әлеуметтік жағынан осал топқа мыналар жатады: ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар; толық емес отбасылар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

Жалпы 14 пәтер беріледі. Олар үш және төрт бөлмелі.

Айта кетерлігі, пәтерлер жекешелендірілмейді. Бастапқы жарна талап етілмейді. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21 қазан мен 25 қазан аралығында жүргізіледі.

Үміткерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебіндегі «Әлеуметтік жағынан осал топтар», «Жетім балалар», «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұруы керек.

3 пәтер (үш бөлмелі); жетім балаларға; 3 пәтер (төрт бөлмелі) көпбалалы отбасыларға; 8 пәтер (үш бөлмелі) әлеуметтік жағынан осал топтарға беріледі.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ жүргізеді. Мекеме Р. Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде (Қошқарбаев-Жұмабаев көшелерінің қиылысы, «Барыс» ТК аялдамасы) орналасқан.

Жоғары қарай