Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Елордада Достық үйінде «Мәміле» клубының ашық сабағы өтті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 04:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Мәміле» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайжы ҚазАқпарат «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәміле» клубының басты міндеті – еліміздегі этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа беру мен сабақтастық тетігін құру болып табылады.

Этномәдени орталықтар өкілдері қатысқан іс-шара «Қазақ халқы есімдері, жер-су атаулары және оның тарихы» деген атаумен еркін форматта өтті. Модератор ретінде қоғам қайраткері Қадырбай Нұрпейісов сөй сөйлесе, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнар Тайғоқова жастарға ойын айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Отырысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ орталығының оқытушысы Сәнім Естемесова жалғастырды. Ол қатысушыларға аранайы 45 минуттық интеллектуалдық сабақ өткізді. Сабақ басталмас бұрын сергітетін ойын ойнатып, кейіннен түрлі тапсырмаларды беруге көшті.

Этнос өкілдері қазақ тіліне үйренуге деген құлшыныстарын одан әрмен арттырып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Арнайы бейнематериалдарды арқау етіп ұғыну, көру арқылы өз жеке көзқарастары мен ой-толғамдарын ортаға салды және тіл үйренді.

Отырыс соңы өткізілген дәрістерді сараптау және қорытындылаумен аяқталды.


Жоғары қарай