Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордада дүйсенбіден бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

2019 жылдың 29 қыркүйек 2019 20:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ертеңнен бастап бірқатар тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бүгін қаладағы әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімі Алтай Көлгіновке сілтеме жасап.

«Ауа-райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», деп жазды қала әкімі Instagram -дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысында жылу маусымы басталып кетті.

Жоғары қарай