Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Елордада Джанлука Эспозитомен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ынтымақтастығы талқыланды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяуда «Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (СЖҚМТ) өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісім ратификацияланған болатын. Осы орада Қазақстанға СЖҚМТ Атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Джанлука Эспозито цифрлық ХҚКО, кедендік рәсімдеу, «Аntikor ortalygy» сервистік орталықтары мен Жоғарғы соттың ахуалдық орталығына, сонымен қоса «iKomek» орталығына барып, мемлекеттік органдардың цифрландыру деңгейіне таңданыс білдірді және цифрландырудың сыбайлас жемқорлықты төмендету тәсілінің бірі екенін атап өтті», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде.

Мәртебелі қонақ «Аntikor ortalygy» аралау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «open space» форматына толық көшуін жоғары бағалады.




«Айқындық форматына көшу туралы шешім тек ашықтықтың ғана көрсеткіші емес, өзге құқық қорғау органдарына үлгі бола алады», - деді Дж.Эспозито.

Сонымен қатар, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев құзіретті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен СЖҚМТ Атқарушы хатшысымен кездесті.




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қазақстанның СЖҚМТ-ға қосылуына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, елдің жемқорлыққа қарсы соңғы бастамалары туралы айтып берді.

«Ұйымға мүшелік Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен елдің құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдары қызметінің тәжірибесін әрі қарай жетілдіруге серпін беретініне сенім білдіремін», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Ол біздің елге шетелдік серіктестермен тиімді ынтымақтастасуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропалық Кеңестің Конвенциясына қосылу және оны тез арада ратификациялаудың айтарлықтай қызығушылық тудыратынына назар аударды.

Еске сала кетейік, жемқорлыққа қарсы мемлекеттердің иммунитетіне қатысты келісім ратификацияланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) бастамасына қосылды.


Жоғары қарай