Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

2019 жылдың 18 мамыр 2019 21:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық музей күніне орай елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылды. Ұлттық музейде ұсынылған көрмені тамашалауға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін кешке Ұлттық музеймен бірлесіп, «Музей түні» аясында «Жүз жылдық жылнама» атты «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихынан сыр шертетін көрме ашылып отыр. Көпшілік назарына газеттің бір ғасыр ішіндегі нұсқалары ұсынылды. Сонымен қатар қонақтарымыз басылымға басшылық еткен тұлғалардың құнды дүниелерін, қолжазбаларын тамашалай алады», - деді «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.




null
Бұдан бөлек, көрмеге еліміздің ғасырлық деректі тарихын тасқа басқан газеттің ескі тігінділері, сол кездегі өндірісі туралы хабар беретін жәдігерлер, газет редакциясынан жарық көрген кітаптар, басылымның түрлі жетістіктерін көрсететін құжаттар мен марапаттар сынды көптеген дүниелер қойылып отыр.




конференция нац музей
Белгілі болғандай, маусым айында «Egemen Qazaqstan» газеті» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтетіні жоспарланып отыр.

«Біздің 100 жылдық іс-шаралар жоспарымыздың ішіндегі негізгі тармақтарының бірі газеттің 1919 жылдан бергі архивін сканерлеп, цифрлық форматқа көшіру және газет материалдары негізінде арнайы 5 томдық басып шығару болатын. Бұл кітапты былтырдан бері дайындадық. Осы ауқымды жұмысқа белгілі ғалымдар мен газеттің ардагерлері атсалысты. 1919-1976 жылдар аралығын қамтитын осы 5 томдық кітап дайын болды. Онда аталған кезеңде көтерілген көптеген маңызды ұлттық мәселелерді қамтыдық. Оның тұсаукесерін маусым айына жоспарлып отырмыз», - деді Дархан Қыдырәлі.




null
Мұнымен қоса ол жыл басынан бері ел өңірлерінде бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Ел газетінің 100 жылдығы қазақ баспасөзінің де ғасырлық межесі. Сондықтан біз бұл жылды айрықша атап өту жөнінде ұсыныс әзірлеп, министрлік оны қолдаған болатын. 2019 жылдың барысында есте қаларлық, қайырымдылық және игілікті шаралармен атап өтуді жөн көріп отырмыз», - деді «Egemen Qazaqstan» басшысы.




null
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай Есіл ауданындағы аллеяда 100 түп ағаш егілді.

Бұл шараға Мәжіліс депутаттары, ардагер журналистер, БАҚ басшылары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.




нац музей

Жоғары қарай