Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елордада емхана, балабақша, полиция бекеті бар тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

2019 жылдың 16 қазан 2019 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 600-ден астам салымшысы пәтер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс күні басталғанға дейін елордада әкімі Алтай Көлгінов қалада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына арналып салынып жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Салымшылардың бір бөлігі осы тұрғын үйдің кезегінде тұр. Аталмыш тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, онда 653 пәтер.




Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үй құрылысының қарқыны мен көлемін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Президент мекемелердің барлық жағынан ыңғайлы болуын тапсырған еді.

Президент тапсырмасы бойынша тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында емхана, шағын орталық (балабақша) және полиция пункті сияқты әлеуметтік нысандар ашылады.

Тұрғын үй кешені жобалық атауы №27 және №36 көше қиылысында орналасқан (Ә. Бөкейханов көшесінің маңы) нысан. Кешен инженерлік желілерге қосылған.

Оны жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Қала әкімі А. Көлгінов құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтап, үй ауласын абаттандыруға дайын болу қажеттігін атап өтті.










Жоғары қарай