Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Елордада ғарыш орталығының планетарийі бой көтереді

2019 жылдың 18 маусым 2019 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның планетарийі бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының туристік картасына енетін жаңа нысан бір мезетте 300-ге жуық көрерменді сыйдыра алады.


null

Елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сәйкес, планетарийде ғарыш мұражайы, үлкен әкімшілік-шаруашылық блок, үлкен кеңсе орталығы орналасатыны жоспарланған. Ол Қосшы кенті мен Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы маңындағы айналма жол тұсында салынады.


null

«Қазіргі уақытта ғарыш мұражайы мен ғарыш корабльдерінің макеттерін қамтитын жобаның бірінші кезегі салынды», - делінген мәліметте.




null

Басты сөздер: Ғылым, Құрылыс, Ғарыш, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай