Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордада «Хан Шатыр» алдында көлік қаққан әйел мерт болды

2019 жылдың 17 қазан 2019 09:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең елордада Тұран даңғылының бойында 56 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қазан күні таңертеңгі сағат 07:05-те Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жедел басқару орталығының видео бақылау операторы »Хан Шатыр« сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы Тұран даңғылы бойында жол-көлік апатын анықтады. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйел сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп мәлім етті Нүр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, ҚР ІІМ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай