Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада «Қазақстан аруы-2019» байқауы басталды

2019 жылдың 2 мамыр 2019 20:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сұлулық байқауында еліміздің барлық өңірінен 32 ару өз бағын сынауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 22-ші жыл қатарынан өтіп жатқан сұлулық байқауына биыл 7 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

Бүгінге дейін еліміздің барлық өңірінде іріктеу кезеңі өтіп, ақтық сынға 32 қатысушы таңдалынып алынды. Сондай-ақ, олар осыған дейін «Сұлулық пен мейірімділік» деген ұранмен елде болып жатқан түрлі қайырымдылық, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысты.

Одан бөлек, үміткерлердің қатысуымен жарнамалық-танымдық бейнероликтер топтамасы түсірілді. Қысқа метражды фильмде әр аймақтың қатысушысы өз өңірінің туристік мүмкіндіктерін паш етті.

«Бағалаушы ретінде арулардың ішкі және сыртқы сұлулығының сай келгенін қалаймын. Және арулар халыққа қызмет етсе екен деймін, өйткені ол ел аруы яғни халықтың адамы. Одан бөлек, әрине ұлттық құндылықтарды білгені және сақтағаны дұрыс. Оған ана тілінен бастап салт-дәстүр, әдеп-ғұрып бәрі жатады. Әрине салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты жастар түгілі үлкендер де біле бермейді. Сондықтанда ең болмаса хабарлары болса», - деді «Қазақстан аруы - 2019» байқауы әділқазылар алқасының төрайымы Ырза Тұрсынзада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша байқаудың әділ болуы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасы финалға шығатын 5 аруды таңдайды, одан әрі қазақстандықтардың онлайн және SMS арқылы дауыс беруі есепке алынады.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай