Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Елордада қазақтың үш биіне және әл-Фарабиге көше атауы берілуі мүмкін

2019 жылдың 22 қазан 2019 19:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев елордадағы бірқатар көшеге белгілі тұлғалардың есімін беру ұсынысын Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдына қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 3 қазанында өткен Нұр-Сұлтан қалалық ономастика комиссиясының отырысында елордамыздың 8 құрамдас бөлігіне атау беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Біріншісі – әкімдікке жолданған Мемлекеттік хатшының «Қаламгерлер аллеясын» ашу туралы Өкіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Абай даңғылының бойында орналасқан Әлмұқан Сембинов көшесінен басталып, Егемен Қазақстан көшесінде аяқталатын атаусыз аллеяға «Қаламгерлер аллеясы» атауын беру туралы ұсыныс», - деді Тілеуғали Қышқашбаев.

Басқарма басшысы, екіншіден, «Арай» саябағына «Жетісу» атауын беру туралы ұсыныс қолдау тапқанын атап өтті.

«Үшіншіден, қала тұрғындары Райымбек батырдың, қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімімен көше атау ұсынысын білдірді. Ономастика комиссиясының отырысында ол ұсыныс, сонымен бірге Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғалымның атына көше беру туралы ұсыныс қолдау тапты», - деді ол.

Тілеуғали Қышқашбаев аталмыш ұсыныстарды қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына шығарды. Оған Кеңес мүшелері бірауыздан қолдау білдірді.

Бұл ұсыныстар ендігі кезекте қалалық мәслихаттың қарауына жолданады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Әкімдік,
Жоғары қарай