Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елордада кітап алмасу күні өтеді

2019 жылдың 15 қазан 2019 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы №5 балаларға арналған кітапханада кітап алмасу күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Астаналықтарды 26 қазан күні сағат 11:00-13:00-де кітапханаға шақырамыз. Бұл жерде сіз жай ғана кітап алмасып қоймай, ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Кітап алмасу сағат 12:00 мен 13:00 аралығында өтеді. Сіз өзіңіз әкелген кітап санымен бірдей кітап ала аласыз. Дегенмен ұйымдастырушылар өз қалауы бойынша кітаптарды қабылдамауға құқылы. Кіру тегін», – деп жазылған қалалық Мәдениет және спорт басқармасының Facebook парақшасында.

Кітап тапсырғаннан адамға олардың саны көрсетілген билет беріледі. Шараға көркем әдебиет (классика және қазіргі заманғы әдебиет); балалар мен жасөспірімдер әдебиеті; психология, философия; өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар; іскерлік әдебиеттерді әкелуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ мұнда арнайы салаға қатысты әдебиет; ғылыми әдебиеттер, энциклопедия; жыртылған, күтіліп ұсталмаған кітаптарды әкелуге болмайды.

Кітапхана Ш. Құдайбердіұлы даңғылында 25/3 ғимаратта орналасқан.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын АҚШ-тағы Колумбия университетінің кітапханасында британдық барлаушының қазақтар жайында кітабы сақталғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Басты сөздер: Әдебиет, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай