Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Елордада көлік қаққан 14 жастағы жасөспірім есін жиды

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәрігерлер 3 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен жеткіншектің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың жағдайы қалыпты ауыр күйде. Ол жансақтау бөлімінде болған жоқ. Оқиғадан кейін ол сопорозды жағдайда болды. Бүгін есін жиды. Сұрақтарға жауап беріп отыр. Ауыр жарақат алуына қарамастан онда жақсару динамикасы байқалады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық №2 балалар ауруханасы баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. 2005 жылы туған жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің сөзіне қарағанда, 23 жастағы күдікті осыған дейін бірнеше рет сотты болған. 2013 жылы тонау фактісі бойынша, содан кейін ұрлық үшін іс қозғалған.

ҚР ҚК 345-бабы («Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 2 адамды қаққан күдікті екі айға қамалды.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай