Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордада көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

2019 жылдың 3 тамыз 2019 14:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүрге айналған «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» биылғы жылы ерекше аталып өтті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің баспасөз қызметі.

«ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауының маңызы мен мақсаты зор. Жастардың келешегіне бағдар беру, жол көрсету аға буын өкілдерінің басты парызы болып табылады. Осы орайда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің өкілдері көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті. Мерекеге орай Көлік комитеті жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара және қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды»,-делінген хабарламада.

Кәсіби мерекенің салтанатты түрде ашылуы болып, онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов мерекеге орай қызметкерлерге құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ ол мерекелік іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

«Қала тұрғындары жүрген жерінде тазалық сақтап, қаламызды күтіп ұстау үшін тұрғындар да өз үлесін қосуы тиіс. Біз қала тұрғындарымен бірге «Мен қалам үшін не істей аламын?» - атты акция ұйымдастырып, Ботаникалық бақтың ішіне тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай – ақ, мереке аясында озат қызметкерлерге Көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін «Құрметті автокөлікші» және «Үздік автокөлікші» төсбелгілерін табыс етіп, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттадық», – деді Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.

фото: 24.kz

Жоғары қарай