Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Елордада көпір салған компания жұмысшыларына үш айдың жалақысын берді

2019 жылдың 9 тамыз 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көпір салған компания жұмсшыларының 5-6 айда берілмеген жалақысының 3 ай бойынша берешегін өтеді, Қалған ақша таяу күндері беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамызда сағат 10.00-де вахталық әдіспен жұмыс істейтін 26 жұмысшы елордада салынып жатқан көпірдің жанына жиналып, жалақы бойынша берешекке байланысты наразылықтарын білдірді.

«Құрылысшылар жиналған орынға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас еңбек инспекторы Ерлан Бердалин барды.

Нәтижесінде 26 қызметкердің 5-6 ай берілмеген жалақысы бойынша берешек сома шамамен 13 миллион теңге екені белгілі болды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен ЖШС басшысы Тимур Накусовтың әңгімелесуі барысында жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы бойынша берешекті толығымен төлеу жөнінде уәдеге қол жеткізілді», делінген хабарламада.

9 тамыздағы жағдай бойынша жұмысшыларға үш айлық жалақы бойынша берешек өтелді. ЖШС басшысы берешек қалған бөлігін жақын күндері төлеуге міндеттеме алған.

Сонымен бірге, компания қызметкерлері Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ұжымдық арыз жазып, қазіргі уақытта оған сәйкес компанияның Қапшағай қаласындағы бас кеңсесінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде.

Жоғары қарай