Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Елордада күн жылынады

2019 жылдың 2 мамыр 2019 22:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде елордада ауа температурасы +19°C-ға дейін жылынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 2 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз + 10...+ 12 ° С құрайды.

3 мамырда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0...-2 °С, күндіз +13...+15 ° С құрайды.

4 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде сынап бағанасы +1...+ 3 °С, күндіз +17...+19 °С көрсетеді.

Басты сөздер: Экология, Ауа райы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай