Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Елордада күрестен әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 22:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне табысталатын медальдың дизайнын таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдың үш бұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығын суреттейді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың айтуынша, медальдің бетінде біріншіліктің логотипі мен астанамыздың символы - «Бәйтерек» салынған. Ал логотипті толықтырып тұрған доғал сызықтар күрес әдісін сипаттайды. Ал медальдың екінші бетінде күрестен әлем чемпионатының символы - қар барысы бейнеленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дүбірлі додада Токио олимпиадасына іріктеу басталады. «Барыс Аренада» өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі.




Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай