Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Елордада мектеп оқушысы үш күннен бері іздестірілуде

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 14 жастағы оқушы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2006 жылы туған Ержанов Нартай Досанұлының бұған дейін де бiрнеше рет үйiнен кетіп қалғандығы анықталып отыр

«18 қаңтар күні баланың анасы арызданып келдi. Қазiргi уақытта полиция қызметкерлері еріктілермен бiрге жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң бұрын бiрнеше рет үйiнен кеткендiгi анықталып отыр», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Оқушы бала 18 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Бойы 130-135 сантиметр аралығында. Қара түсті бас киім мен қыстық күрте киген. Полиция қызметкерлері Нартайды көрген-білгендер болса, «102» пультіне немесе 87055508425, 87014926249 нөміріне хабарласуды сұрайды.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай