Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада пәтерден 55 млн теңге ұрлаған күдікті Семейде ұсталды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 55 млн теңге ұрлаған баукеспе Семей қаласында ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Полицияға елорда тұрғыны шағымданған болатын. Ұры оның пәтеріне кілт сәйкестендіру арқылы енген. Ол сейфтен 55 млн теңгемен қоса алтын бұйымдарды да ала кеткен. Үй иесі ақшаның көп бөлігі пәтер сатудан түскенін айтты. Сақшылар бұрын да пәтер тонап сотталған Семей тұрғынының елордадан қылмыс жасап қашқанын анықтады. Күдікті Семейде ұсталды. Ол жақында Нұр-Сұлтанға әкелінеді. Осы қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген полиция ақпаратында.


Жоғары қарай