Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада Республика даңғылының бойындағы жол учаскесі шектеледі

2019 жылдың 11 шілде 2019 13:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілде айының 10-нан 21-не дейінгі мерзімде А. Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу аясында А. Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 10-нан 21-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түңгі уақытта) жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарға қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай