Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елордада спортшылармен ғылыми жұмыс жүргізетін университет ашылады

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әрбір бірегей спортшымен ғылыми жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде әлемдік деңгейдегі тамаша спортшылар болғанымен, олармен ғылыми жұмыс жүргізілмейді. Әрбір бірегей спортшымен ғылыми жұмыс жүргізілуі тиіс. Сондықтан да біз көптен бері кадр оқыту және дайындау, жетекші спортшылармен ғылыми жұмыс жүргізу мүмкіншілігі бар мамандандырылған жоғары оқу орнын құруды өтініп келеміз», - деді Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында.

Оның атап өтуінше, бұрынырақта әрбір талантты спортшымен мұндай ғылыми жұмыс жүргізіліп келген.

«Осы жерде біздің өткен жылдардағы ұлы спортшылармыз отыр және олардың әрқайсысы осындай ғылыми жұмыстарға қатысқан. Олардың әрқайсысы бойынша кандидаттық, докторлық жұмыстар жазылып, қорғалды. Бүгінгі күні бізде мұндай жұмыс жоқ. Оны бастап, жасауымыз қажет. Университет бойынша ел Президентімен, Премьер-Министрмен сөйлестік. Өйткені, шынымен университет бізге осы жерде, елордада, олимпиадалық дайындық орталық базасында қажет. Біз қаражат іздеп табамыз, тіпті мемлекеттік-жекешелік серіктестік жүйесі арқылы болса да»,- деді ол.


Жоғары қарай