Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Елордада тыныс алуы қиын адамдарға арналған қосымша бөлім ашылды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 наурыздан бастап Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Ол пульмонология бойынша дерті бар адамдарға арналған. Ол жерде тыныс алу жолдарында аурулары бар адамдарға қосымша диагностика жасап, коронавирус бар-жоғы және емдеу жолдары анықталады. Осы мақсатта пульмонология бөлімі 150 төсекке көбейтілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Сондай-ақ, елордада коронавирустың алдын алу үшін обсерваториялық емхана ұйымдастырылды.

«№2 қалалық емхана базасында обсервациялық емхана ұйымдастырылды. Бұл жерге бір ауысымда 150 адам қарала алады. Аталған емханада коронавируспен ауыруы мүмкін адамдарға диагоностика жасайды», - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, барлық қалалық көпсалалы ауруханалардың акушерлік блоктарында босану орындары ұйымдастырылды.


Жоғары қарай