Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Елордада үлкен шіркеудің тасы қаланды

2019 жылдың 12 мамыр 2019 18:52 1571

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада тағы бір шіркеудің тасы салтанатты түрде қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде орыстың православие шіркеуі еліміздегі дінаралық келісімді күшейтуге өз үлесін қосып келеді.

«Ұлт басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір маңызды мәселені үнемі айтып отырады. Ислам мен православие - бұл ортақ үйіміздегі рухани келісімнің екі тірегі. Қазақстан қашанда діндер мен мәдениеттердің ортақ үйі болған. Біздің жерімізде сан алуан этностардың өкілдері бірлік пен татулықта тұрады. Олардың барлығы өздерінің діни рәсімдерін өткізіп, ғибадатханаларын сала алады. Ал Қазақстандағы орыстың православие шіркеуі талай жылдар бойы қоғамның рухани құндылықтарын күшейтуге өз үлесін қосып, дінаралық келісімді насихаттауда мемлекеттің сенімді серігі болып келеді», - деді Д.Абаев салтанатты шарада.




Қазақстан митрополиті Александрдың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде шіркеудің жобасы жасалып жатыр. Ал ғимараттың құрылысы алдағы үш жылда аяқталады.

«Қала тұрғындары бірнеше жыл бойы Үкіметке де, Президентке де хат жазып, Есілдің сол жағалауында тағы бір шіркеудің құрылысын бастауды сұраған. Мен де өтініш жасадым. Сөйтіп, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми түрде рұқсат берді. Жақында Ұлт көбасшысы елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің тасын қалаған болатын. Ол жерде бір уақытта 30 мың адам намаз оқи алады. Біз де православие христиандары саны жағынан екінші діни қауымдастық ретінде құдай үйін салуға мүмкіндік алдық», - деп атап көрсетті митрополит.




Айта кетейік, жаңа шіркеу Сығанақ көшесінің бойымен Жағалау тұрғын үйіне жақын жердегі көлдің жағасында орналасады.









Автор Арман Асқаров
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Дін, Қоғам,
Жоғары қарай