Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Елордада волонтерлер жылына орай фото және кітап көрмесі өтіп жатыр

2020 жылдың 4 қаңтар 2020 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Жастар-Коворкинг» орталығында 2020 жылы «Волонтер жылына» арналған «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрме ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялауына орай өтті.

«Қазіргі қоғам ақпаратты сурет арқылы қабылдауға бейімделгендіктен көрмеге нақыл сөздер мен фотосуреттер қойылып отыр. Бұл жерден әлемдегі және Қазақстандағы волонтерліктің тарихын, сонымен қатар әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты кітабындағы нақыл сөздерін, кітапханамыздың барлық шараларына белсенді қатысқан жастардың фотосуреттерін көре аласыздар. Басты мақсат - волонтерлік ұғымын санаға сіңіру үшін ақпараттық қолдау көрсету», - дейді волонтер, қор құру қызметінің жетекшісі Айбала Қанатбайқызы.







Ерікті волонтер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіріп, командада жұмыс істей білу ғана емес, адалдық, парасат сияқты адамгершілік қасиеттер керек. «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрме осы мәселелерге назар аударту үшін ұйымдастырылып отыр.


Жоғары қарай